Сайт картасы

«    Ноябрь 2014    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

ЖАҢАЛЫҚТАР:«Балапан» бағдарламасы
27.03.2014

Балғындардың құшақ жайған «Ботасы» бар

Аршалы ауданында әлеуметтік сала мәселелерін тиімді шешу бірінші кезекке қойылған.

Әсіресе, бүгінгі күні өте көкейкесті болып табылатын мектеп, балабақша құрылысына жете мән берілуде.  Бұл орайда, тек Үкімет тарапынан немесе облыстық бюджеттен бөлінетін қаржыға ғана иек артып отырмай, бизнестің де әлеуметтік жауапкершілігін назарда ұстау өз нәтижесін беріп келеді.
Мәселен, жуырда Жібек жолы ауылында 50 бүлдіршінге арналған «Бота» балабақшасы пайдалануға берілді. Аталмыш нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Қанат Қарауылов, аудандық мәслихаттың хатшысы Юрий Сериков қатысып, ата-аналарды жаңа балабақшаның ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, ауыл ақсақалдары Ғабдууахит  Жолмұхаметов пен Григорий Дойников та аудан басшылары мен құрылысшыларға ауыл үшін өте қажет нысанның құрылысын  сапалы аяқтағандары үшін алғыстарын білдірді.
 Бұл орайда, өз қаржысына осындай балабақша салып берген жеке кәсіпкер Құралай Әлімбекованың бұл игі бастамасы мүмкіндігі мол басқа да іскер азаматтарға үлгі болса дейміз.
Т.БАҚТЫБЕКҰЛЫ.
 Аршалы ауданы.

• Государственные
учреждения
Контакты, основные
функции, руководство
• О городе История, география,
территория, карта,
культурные объекты
• Блоги Руководителей
аппрата акима города
Кокшетау
• Программа
Дорожная карта
Поддержка бизнеса 2020
www.arka.akmol.kz
Республика Казахстан, Акмолинская область
Разработка и поддержка сайта IT-expert