Президент
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
2011 жылғы 19 тамызға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 69-бабының
1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенаты депутаттарының сайлауы 2011 жылғы 19 тамызға тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы 14 маусым.
***
Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті болып өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саммитте сөз сөйледі. Саммитте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының өткен он жылдықтағы нәтижелері-не сараптама жасалып, бұл ұйымды одан әрі дамытудың алғышарттары анықталып, әлем мен аймақтағы қазіргі заманғы ахуалға қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды.
–Қазіргі уақытта әлемдік тұтыну мен табиғат апаттарының салдарынан шикізат пен энергия ресурстарының бағасының өсуі азық-түлік тауарларының қымбаттауына алып келді. Азық-түлік дағдарысының зардаптары бүкіл әлемдегі әлеуметтік және
саяси жағдайдың ушығып кетуіне алып келе алады. Бұл жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін аймақтық және халықаралық деңгейде тұрақтандырып, үйлестірілген және келісілген әрекеттерді жүзеге асыру шарт, – деп атап өтті өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев. Саммит нәтижелері бойынша Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы он жылдығының Астана Декларациясы қабылданды. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ендігі төрағалығы Қазақстаннан Қытай Халық Республикасына өтті.
***
Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мерейтойлық саммиті қарсаңында Иран Ислам Республикасының Президенті Махмуд Ахмадинежадпен, Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаевамен, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен, Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Асиф Әли Зардаримен, Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен, Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовпен, сонымен қатар, Үндістанның Сыртқы істер министрі Соманахалли Маллайах Кришнамен, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Юрий Федотовпен, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Мұратбек Иманәлиевпен кездесті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс тұрғындарының назарына!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес 2011 жылдың 18 маусымы күні сағат 12.00-де Көкшетау қаласында төртінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қарауына «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатына кандидат ұсыну туралы» мәселе енгізіледі.
Депутаттарды облыстық мәслихатта тіркеу 2011 жылдың 18 маусымы күні сағат 11.30-ға дейін жүргізіледі.
Ө.МҰСАБАЕВ,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.
15 маусым 2011 жыл.
***
Ақкөл аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына!
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес, 2011 жылғы 18 маусымдағы сағат 10.00-де аудандық мәслихатта Ақкөл аудандық мәслихаттың кезектен тыс 39 сессиясы өтеді.
Сессияда келесі сұрақ қарастырылады:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерді ұсыну туралы.
Аудандық мәслихат хатшысы Ю.Ужакин
15 маусым 2011 жыл.
***
Астрахан аудандық мәслихаты депутаттарының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес 2011 жылғы 18 маусымда сағат 10.00-де Астрахан аудандық мәслихатының кезектен тыс 34-ші сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайлау туралы мәселе енгізіледі.
Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы В.Собеский.
15 маусым 2011 жыл.
***
Әр мәселе назарда болады
Кеше «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Сергей Дьяченко азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініш-тілектерін шешуге нақтылы тапсырмалар берді.
«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының ғимаратында өткен бұл қабылдауға келген азаматтардың көпшілігі өздері тұрып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің апатты жағдайда екенін айтса, енді біреулері өздерін жұмысқа орналастыру, сондай-ақ, жеке сауалдарын алға тартты.
Ұлы Отан соғысының ардагері Қайырбек Хасенов өзі тұрып жатқан тұрғын үйдегі лифтті қайтадан іске қосуға өтініш білдірді. Сандықтау ауданынан келген жеке кәсіпкер Юрий Шишкин Жақсы ауданында мал бордақылау алаңын ашуға қажетті жер бөліп беру мәселесін шешуді сұрады. Бұл орайда, С.А.Дьяченко шағын және орта бизнесті дамытудағы Елбасының алға қойған міндеттеріне сәйкес облыс өңірінде белгіленген тапсырмаларды алға тартып, мал бордақылау алаңын ашу аса қажетті әрі маңызды іс екендігін атап көрсетіп, нақтылы көмек болатындығын айтты.
Қабылдау барысында Көкшетау қаласының әкімі Мұнарбек Батырханов пен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Шойкин де азаматтардың кейбір мәселелерін шешу тұрғысындағы өз көзқарастарын білдіріп, жауаптарын айтып отырды.
Азаматтарды қабылдау барысында С.А. Дьяченко әрбір өтініш-тілектердің аяқсыз қалмайтындығын, олардың дұрыс шешілуі ұдайы бақылауда болатындығын жеткізді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
19 маусым –Медицина қызметкері күні
Нұрсұлтан Назарбаев:
Біз аурудың алдын алуға шындап кірісіп, бастапқы медициналық-санитарлық жәрдемнің сапасын арттыруымыз керек. Сондықтан Қазақстанда халықтың мақсатты топтарының денсаулық жағдайын бақылаудың ұлттық бағдарламалары кешенін енгізу қажет.
(Қазақстан халқына Жолдауынан).
Жан жылуы әрдайым мол болсын!
Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченконың құттықтауы
Құрметті медицина қызметкерлері! Қымбатты достар!
Сіздерді шын жүректен тамаша кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын!
Медицина қызметкерлерінің биылғы мерекесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Тәуелсіздік – біздің ең басты жетістігіміз, баға жеткізгісіз жеңісіміз. Жас мемлекеттің тарихи тағылымды жолдары тәуелсіздіктен бастау алады. Сол сәттен бастап әр саланың сенімді әрі серпінді даму жолдары, экономиканың өрлеуі, денсаулық сақтау саласының да көркеюі басталған.
Сіздердің ізгілікті еңбектеріңіз қашан да азаматтар тарапынан ерекше бағалауға ие әрі зор сенім негізін қалыптастырып келеді. Қоғам мен адамдарға қызмет ету, әрдайым көмек көрсетуге дайын болу – алапат күш-жігерді, білім мен мейірімді ұштастыра жұмсайтын нағыз дәрігерлердің өмірлік кредосы.
Нақтылысын оқығыңыз келсе»
Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын!
Бұл күн – егеменді еліміздің гүлденуі мен қарқынды дамуының кепілі іспеттес, халықтың денсаулығына өлшеусіз зор үлес қосып жатқан ақ желеңді абзал жандарды шын жүректен құттықтап, шынайы құрмет білдіретін сәт.
Мемлекет өз азаматтарының денсаулығын сақтау үшін қаржыны аямай бөліп жатқандығы әрдайым ризашылық сезімін туғызады. Бұл ойымызға облысымыздағы жаңадан іске қосылып жатқан медициналық мекемелердің жаңа ғимараттары, соңғы үлгідегі осы заманғы медициналық құрал-жабдықтар айқын дәлел бола алады. Жетілдірілген медициналық құрал-жабдықтарда жоғары кәсіби мамандық иелері дәрігерлер мен мамандар жұмыс істеуде.
Еліміздің денсаулық сақтау саласында еңбек ететін абзал мамандық иелерін төл мерекелерімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, бақыт, отбасының амандығын тілеймін. Әрдайым біздің баршамыз үшін бірінші байлық –халық денсаулығының қырағы сақшысы бола беріңіздер!
Өмірсерік Мұсабаев,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.
Өмір сапасын жақсарту–дәрігерлік қызметтің басты міндеті
Қасымжан ТӘШІМЕТОВ,
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы, медицина ғылымдарының докторы
Бүгінгі таңда елімізде халықтың денсаулығын қорғауға аса зор мән беріліп отыр. Осы мақсатта 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» кешенді бағдарламасының жасалып бекітілуі, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назар-баевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында денсаулық сақтау мәселелеріне тұтас бір тараудың арналуы көп жайды аңғартса керек. Осының бәрінен Елбасы мен Үкіметтің денсаулық сақтау саласына бұрын-соңды болмаған ерекше ыждаһатпен ден қойып отырғандығы өз-өзінен айқын көріне түседі. Мәселен, қазір тұтастай еліміз бойынша үлкен іс-қимыл бағдарламасына айналған Жолдауда 2015 жылға қарай қазақстандықтардың өмір жасының ұзақтығы 70 жасқа дейін, ал, 2020 жылға қарай 72 жасқа дейін ұлғайтылуы тиіс екендігі де айрықша атап көрсетілген.
Нақтылысын оқығыңыз келсе»
Астанадағы біздің аурухана
Талғат ҚАСЕН,
“Арқа ажары”
Елордамыз Алматыдан Ақмолаға көшірілген соң облыс орталығы да Көкшетау қаласына қоныс аударылғандығы белгілі. Яғни, Ақмола қаласындағы барлық ғимараттар Елорда игілігіне берілді. Әрине, мұның бәрі заңды құбылыс. Дегенмен, қаладағы Целиноград аудандық ауруханасы төңірегінде біраз пікірталас
туындалғанын ұмыта қойған жоқпыз. Оның өзіндік себептері болды.
Нақтылысын оқығыңыз келсе»
Дәрігер мерейі
Қалкөз ЖҮСІП,
«Арқа ажары»
Атбасар аймақтық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Бауыржан Айтбайұлы Ділдәбек биыл өзінің денсаулық сақтау саласында қызмет істеп келе жатқан 39-шы жазын да қарбалас тірлікпен қарсы алды. Жеті ауданның тұрғындарына қызмет көрсететін, бүгінде белең алып кеткен туберкулез сияқты қатерлі дертті ауыздықтайтын аймақтағы іргелі денсаулық сақтау мекемесінің тізгінін алғаш ашылған 1997 жылдан бері ұстап келе жатқан ол осы кезең ішінде бұл мекемені қазіргі заман талабына сай жарақталған және білікті мамандармен қамтылған ауруханаға айналдырды. Аурухана аумағына енген сәтте-ақ мұндағы ұқыптылық пен тазалықты, реттілікті анық бағамдайсың. Қабырғалары ақталып, есік-терезелері сырланған аурухана ғимараттары, жол жиегіндегі ақталған бардюрлер, қоқыс салынатын жәшіктер – осының бәрі мұндағы ұқыпты, іскер жанның қолтаңбасын әйгілеп тұрғандай. Негізгі көрсеткіштері жағынан облыстағы алдыңғы қатарлы медициналық мекемелер санатындағы диспансердегі жетістіктердің бәрі оны басқарып келе жатқан іскер басшы, қарымды ұйымдастырушы Бауыржан Ділдәбектің төккен терінің қайтарымы десе, артық айтқандық емес.
Нақтылысын оқығыңыз келсе»
Өткен жылы облыста өз мамандықтары бойынша жұмысқа келген 116 медицина қызметкерінің 61-і аудан орталықтарына, 45-і ауылдарға жолдама алды. Көкшетау қаласында 51, ал, Степногорск қаласында 4 медицина қызметкері жұмысқа орналасты. Облыс бойынша осы салаға жұмысқа келгендердің 65-і дәрігер.
* * *
Облыста 39 медицина қызметкері жаңа пәтерге қол жеткізді. 52 жас маманға жергілікті бюджеттен материалдық көмек ретінде барлығы 3181,6 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұған қоса, медициналық мекемелердің өз қаражаттарынан 21 маманға 1964,2 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді. Мамандарды қайта даярлау және оқыту мақсатында 18763,0 теңге қаржы жұмсалды.
Әйел денсаулығы – ұлт денсаулығы
«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалында «Әйел денсаулығы – ұлт денсаулығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Депутаттар мен дәрігерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жиналған бұл шарада ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесі талқыланды.
– Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – ұлттың денсаулығына қоғам назарын аудару, әр азаматты өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру болып табылады, – деп атап көрсетті өз сөзінде «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин.
Жиын барысында облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Гүлжанар Шөкеева, облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Қасымхан Ташметов,«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының белсенді мүшесі, еңбек ардагері Зере Киікова және басқалары сөз сөйлеп, ана мен бала денсаулығына қатысты мәселелерді ортаға салды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Семинарда тәжірибе алмасты
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің дамыту орталығының ұйымдастыруымен республикамызда денсаулық сақтау мекемелері мамандарын қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру мақсатында семинарлар өткізіліп келеді.
Бұл семинарларға ауруханалардың бас дәрігерлері мен олардың орынбасарлары, экономистері мен есепшілері қатыстырылуда. Биылғы жылдың наурыз айында бастау алған бұл шаралар қазан айына дейін жалғасып, оның барысында барлығы 574 маман білімдерін жетілдірмекші. Жуырда осындай семинардың теориялық бөлімі Астана қаласында, ал, практикалық бөлімі Көкшетау қалалық ауруханасында ұйымдастырылды. Мұнда өткізілген тәжірибелік сабақтарға Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстары мен Астана қаласының дәрігерлері қатысып, пікір алмасты. Жиналғандар алдында Көкшетау қалалық ауруханасының бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Серік Кәкенов сөз алып, өзі басқарып отырған емдеу орнының тыныс-тіршілігі туралы айтып берді. Семинарға қатысушылар аурухананың бөлімшелерін аралап көріп, жақсы әсерде қалды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Зәуреш – үздік санитарлық дәрігер
Медицина қызметкері күніне орай, облысымызда «Үздік санитарлық дәрігер» байқауы өтті.
Қатысушылар тест сұрақтарына жауап беріп, өзін-өзі таныстыру, өз өнерлерін ортаға салу сияқты сындарда бақ сынады. Дәрігерлердің біліктілігі сарапқа салынған бұл сайыста қазылар алқасының шешімімен жүлделі І орын Ақмола облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мектепке дейінгі балалар мен білім беру ұйымдарын санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бастығы Зауреш Хабдуллинаға бұйырды.
Екінші орынға Бұланды аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бөлім бастығы Лариса Харшина, ал, үшінші орынға Бурабай аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Ұмсын Мұқашева лайық деп танылды. Сайысқа қатысушылардың барлығы алғыс хаттар мен ескерткіш сыйлықтарға ие болды.
Ақмола облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің баспасөз қызметі.
Дана сөз:
Егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек!
Әл-Фараби.
Оташы
Байқал БАЙӘДІЛОВ,
«Арқа ажары»
Жүрек жылап жатты! Қан жылап!
Таң алдында кірне болған баладай бебеулеген телефон шырылы шырт ұйқысынан оятқан. Ылғи осылай. Облыстық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі болып істейтін оташы Бауыржан Ахметов шұғыл шақыртуға үйреніп кеткен. Өзі жетекшілік ететін хирургия бөлімшесінде жылына 1,5-2 мыңға жуық операция жасалады. Бәрі бірдей күн ілгері жоспарланған, дайындалған операция емес. Облыс орталығы болғаннан кейін нетүрлі оқиғалар болып жатады. Айтып келмейтін апат, көлденеңнен келген кесапат. Таң алдындағы төтенше шақырудың жосығы өзгеше, жөні бөлек еді. Көкшетау қаласында жастардың арасында туындаған өзара келіспеу-шілік кезінде біреуі біреуіне пышақ салып алған. Тура жүрегіне. Таң алдында ешбір дайындықсыз қансырап жатқан қаршадай ұлдың жүрегіне ота жасауға тура келді.
Нақтылысын оқығыңыз келсе»
Буыныңыз сырқырамасын!
Облыстық аурухананың ревмотология бөлім-шесінің ашылғанына биыл ширек ғасыр толып отыр. Облыста буын ауруын емдейтін жалғыз бөлімше осы. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржының көлемі айтарлықтай өсті. Тиісінше, жалпы облыстық ауруханаға оның ішінде ревмотология бөлімшесіне қажетті медициналық құрал-жабдықтар алынып, жағдай жақсара бастады. Мұнда бір мезетте 30 науқас емделеді.
Нақтылысын оқығыңыз келсе»
Рахмет!
Адам баласы үмітпен өмір сүреді демей ме. Үмітіміз үзілмей, жуырда, баламды емдету мақсатында Астана қаласының оңалту орталығына барған едім, ондағылар Көкшетау қаласының «Болашақ» деген емханасына баруға ақыл-кеңес берді. Бұл емхана жайлы ертеректе елден де естіген едім. Содан көп ойланбастан баламды Көкшетауға алып келдім.
Бүгінгі күні балам аталмыш емханада ем-шипа алып жатыр. Қазір жағдайы бұрынғысынан жақсарып қалды. Елдің айтқаны рас болып шығып, баламның жүрек түкпіріндегі үміт отын қайыра жағып, мен сияқты ананы қуанышқа бөлеген осындай емханаға келгеніме қатты қуанамын. Дәрігерлер Майра Жәкейқызына, Алма Уәйісқызына, Жұпар Зейноллақызына, медбикелер Алма Хайдарқызына, Айгүл Серік-қызына, Алмагүл Әміржановаға басқа да осы ұжымда еңбек ететін дәрігерлер мен медбикелерге және техникалық қызметкерлерге шынайы ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын. Қиын сәтте қолдап, қиналған шақта демеген осындай азаматтар көбейе берсе екен деймін.
Гүлзия ШЕРИЗАЙҚЫЗЫ.
Жарбұлақ ауылы,
Үржар ауданы,
Шығыс Қазақстан облысы.
Сауығып шықса, қуанамыз
Владимир БИДЖИЕВ,
Аршалы аудандық орталықтандырылған ауруханасының бас дәрігері
Біздің ауданның дәрігерлері де 2010 жылғы қаңтардан бастап өмірімізге енгізілген ұлттық бірыңғай денсаулық сақтау жүйесі бойынша халыққа қызмет көрсетуде. Аудандық аурухана 105 сырқатты тәулік бойы емдеуге бейімделген. 90 төсек-орын республикалық бюджеттен қаржыландырылса, 40 төсек-орын сырқаттардың күндіз келіп ем қабылдап отыруына бөлінген. Оның 25-і Аршалы кентінде, 15-і дәрігерлік амбулаторияларда. Емханамыз бір ауысымда 200 сырқатты қабылдай алады, 8 дәрігерлік амбулатория,
4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 16 медициналық пункттің қызметкерлері ауыл-село тұрғындарының денсаулығын назарда ұстауда десек, асыра айтқандық емес.
Нақтылысын оқығыңыз келсе»
Ел азаматы
Жер киесі
(очерк)
Байқал БАЙӘДІЛОВ,
«Арқа ажары»
Ойдым-ойдым, қолдың саласындай лүп еткен самал желмен жасыл жапырақтары шуласып, сыбырласатын ақ қайыңдар мен қысы-жазы жасыл кейпін бір өзгертпейтін қарағайлар көмкерген Бұланды баурайы түгін тартса май шығатын табиғат ананың жомарт пейілі, көл-көсір мейірі түскен құнарлы өлке. Көктемгі, жер емшегін емген диқан қауым әр күнін, әр күнін ғана емес, күннің әр сағатын тиімді өткізу үшін жан алып, жан беріскен қауырт мезгіл.
Бие сауым уақыт бұрын солтүстік батыстан жел тұрды. Сәлден кейін бір шеті мен бір шетіне көзің жетпейтін кең егістік алқаптың үстінде қара дауыл көтерілді. Кәдімгі танаптың топырағын түбінен суырып, боз даланың бетінде олай-бұлай жүйткіген буырқанған боран іспеттес қара дауыл.Соңғы жылдары осылай болып тұр. Танап шетінде ақ «Нивамен» егістік жерді аралап келе жат-қан жауапкершілігі шектеуі «Партизанское-1» серіктестігінің бас агрономы Сағындық Алдабергенұлы Наурызбеков бір сәт ойға шомды.
Нақтылысын оқығыңыз келсе»